АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Балалар шыршасына 39 млн теңге: Атырауда шенеуніктер қаржыны ысырап қылғаны үшін сотталуда[:]

[:kz]

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мен экс-шенеуніктерге қатысты сот өтуде. Сотталушылар мемлекет қаржысын ысырып қылды деп айыпталуда.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сотта жауап беріп жатқан 8 адамның бәрі биылғы жылы тұтқындалған. Сотқа тартылғандардың ішінде облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы, оның орынбасары, сонымен қатар әкімнің әлеуметтік сала бойынша бұрынғы орынбасары бар.

Әкімнің бұрынғы орынбасарынан басқаларының барлығы үй қамағында болған. Ал әкімнің экс-орынбасары сот залына тергеу изоляторынан жеткізілді.

Атап өтілгендей, сот процесі ашық тәртіпте өтті. Алайда сотталушылар өздерін видеоға түсіруге қарсылық танытты.

Сот процесінің барысында айыптау акті оқылды. Іс материалдарына сәйкес, білім бөлімінің басшысы өзінің жұбайын әдістемелік орталыққа жұмысқа орналастырған. Хабарланғандай, шенеуніктің жұбайы өзінің жұмысқа орналасқанынан білмепті.

Іс материалдарында экс-шенеуніктің жұбайының «жалақысын» өз қажеттіліктеріне жұмсағаны көрсетілген.

Ал білім бөлімі басшысының орынбасары 39 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде. Белгілі болғандай, бұл қаржы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға президенттік шырша ұйымдастыру мақсатында бөлінген.

Stan.kz

[:]