АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балалар үйге аш келеді»: Шымкентте балабақша меңгерушісіне ашулы ата-аналар шу шығарды [:]

[:kz]

 

 

Шымкентте ата-аналар мен тәрбиешілер балабақша меңгерушісіне қарсы шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған

kaz.nur.kz

 

Айтуларынша, Құрсай ықшам ауданындағы   Еркеназ балабақшасының меңгерушісі балағат сөздер айтып, оларды малға теңеп, тіпті қол көтерген. Онымен қоймай, ойыншық пен антисептик сатып алу үшін қызметкерлерден ақша жинайтын көрінеді 

«Балалардың тамағынан ақша үнемдеп, балақайлар күнұзақ аш жүретінін» де байқап қалған ата-аналар меңгерушінің қызметінен кетуін талап етіп, наразылығын білдірді. Күніне бірнеше мәрте жалпы жиналыс жасайтын меңгерушіден балабақшаның 100-ге тарта қызметкері де шаршаған екен. Олардың сөзіне сенсек, ашушаң әйел қызметкерінің бірін ұжымның көзінше ұрып та жіберген. Күйзелістен аяқ-қолы тырысып жүре алмай қалған әйелді жедел жәрдем ауруханаға алып кетіпті. «Мысалы, басын көтерген тәрбиешілерді жоқ қып жібереді, жұмыстан шығарып жібереді.

Мүмкін мені де шығарып жіберетін шығар. Адамның намысын қорлап, әсіресе екіқабат келіншектерді аямайды. Жас демейді, беріп отырған тәрбиесі осы», — дейді тәрбиешінің көмекшісі Әсия Дәуеева

Тәрбиешілердің айтуынша, меңгеруші мемлекеттік мекемедегі кез келген жыртықтың жамауын ұжымның мойнына жүктегенді әдетке айналдырғандықтан, олар «жалақының жартысын көрмейтін» күнге жеткен. Дәретхана қағазынан бастап, ойыншықты да тәрбиешілердің өздері сатып алатын көрінеді.

«Тіпті жаңа екенін дәлделдеу үшін түбіртегін талап етеді», — дейді ашынған қызметкерлер. «Егер үкімет бермесе, сол ойыншықтарды балабақша қызметкері алу керек деген заң бар ма? Біз аламыз ғой соны. Соны қарасын, мемлекет. Антисептик пен бетпердені де – бәрін біз аламыз. Жалақым 97 мың. 50 мың несие төлесем болды, қалғаны осы жерге кетеді», — дейді тәрбиеші Шәрбат Сәуірбаева.

Балабақша меңгерушісіне балалардың ата-аналары да қарсы шығуда. Айтуларынша, тауықтың екі санын қайнатып, 150 балаға сорпа жасаса, екіншіге сол екі түйір тауық етін бөліп береді екен.

Балалары аш жүретінін байқаған ата-аналар өздері балабақша асханасына рейд жасап, жағасын ұстаған.

«Балалар үйге аш келеді. Кәдімгідей ас ішпегендей тамақ сұрайды», — дейді ата-аналардың бірі Халима Қазыбаева. Ал мекеме меңгерушісі Зина Молдақұлова болса, ата-аналар мен ұжым осындағы бір-екі арандатушының сөзіне сеніп шу шығарып жатқанын алға тартты. Шағымданушылардың сөздерін жоққа шығарған ол, осы ұрыс-керіс басталардан бір күн бұрын өзін әлдекімдердің бопсалағанын айтуда. «Бұл жерде жазып қойған: егер сол ақшаны сағат пәленге дейін әкеп бермесең, ата-аналарды көтерем, тәрбиешілерді көтерем, ТВ-ны да әкелем. Басқаға мен жауап бермеймін», — дейді Еркеназ балабақшасының меңгерушісі Зина Молдақұлова. Меңгерушінің орнынан кетуін қалайтын ата-аналар мен ұжым оның үстінен полицейлерге арыз жазған. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Қасқырды 140 мың теңгеге өлтіреді»: Желіде Алматы облысында түсірілген жантүршігерлік видео тарады

Дереккөз КТК арнасы

kaz.nur.kz

 

[:]