[:kz]
«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш соңғы уақытта бет-әлпетіне айтарлықтай өзгеріс енгізген. Бойжеткен сұлулық үшін кез келген құрбандықтан қорықпайтынын жасырмады деп жазады «31» арнаның «Айта берсін»бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әншіден: «Бұрыннан да стиліңіз ерекше ғой. Шашты, мұрынды, ерінді жасатқансыз. Бөлек шыққасын, бәрін қолға алғансыз ба?», — деп сұраған.
Ал Балжан Бидаш құрбандыққа барудан тайсалмайтынын айтты.»Оған байланысты емес. Бөлек шықсам да, топта жүрсем де, адам өзінің әдемілігі үшін құрбандыққа барады ғой. Сол сияқты мен де құрбандыққа барушылардың бірімін. Ештеңеден қорықпаймын.
Өзімнің сұлулығым үшін бәрін жасауға тура келеді. Шашымды 5-6 рет күйдірдім. Қазір қалпына келіп, қайта бояуды бастадым «, — деп жауап берді.
Сондай-ақ бойжеткен мұрнына жасатқан отасы денсаулығына байланысты болғанын жеткізді.
«Мен оны желіде де айтып кеткен болатынмын. Мұрынның ішінде өскен ет, демалуға қиындық келтіреді. Оның үстіне менде «горбинка» бар еді, соның бәрін түзеттім. Оған ешқандай қорыққан жоқпын. Өзім дайын болдым», — деп ағынан жарылды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Балжан Бидаш мұрнына ота жасатқанын көпшілікке өзі мәлім еткен болатын.
[:]