АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Банкрот боламын»: Айжұлдыз Адайбекова баласының киіміне 570 мың теңге жаратқан (видео) [:]

[:kz]

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова сәбиіне киім қалай сатып алатынын желідегі барша оқырмандарына көрсетті. Жас ана өзін тоқтата алмай, бір күнде перзентіне 570 мың теңге жаратып тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айжұлдыз Адайбекова балалар дүкенінде жүрген сәтімен өзінің Instsgram парақшасында бөліскен.

Жақында ғана ана атанған ару барлық киімдерді ұнатқаны соншалық, өзін тоқтата алмай қалған. «Мен бұл жерден алып шығыңдаршы. Мен қомақты сомманы жаратып үлгердім», — деп әзілдеді ол.

«Қысқасы, мені ешкім құтқармады. Мен барлығын сатып алдым. 569 мың теңге, сау бол. Мұндай қарқынмен жақында банкрот болатын шығармын», — деді жас ана. Сонымен қатар, өнер иесі желіде босанғаннан кейін ақырындап қалпына келе жатқанын көрсетті. Айжұлдыз көпшілік назарына өзінің мүсінін паш етті.

kaz.nur.kz

 

[:]