АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Банктің «қара тізімінен» 500 мыңға жуық адам шығады: Тоқаев заңға қол қойды[:]

[:kz]

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы заңға қол қойды. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, заңда кредит тарихы нашар адамдарға аса қажет болған жағдайда кредит алуға мүмкіндік беретін норма көзделген. Егер бұрын кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде кредитін өтеген және қазір берешегі жоқ адамдарға қатысты бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылады.

«Азаматтардың кредит тарихын сақтау мерзімі маңызды мәселе болып отыр. Банктер өткен он жылда қарызын уақытылы төлемей, мерзімін өткізіп алған адамдарға кредит беруден бас тартады. Кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда, 490 мыңға жуық отандасымыз қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алады», –дейді сенатор Ольга Перепечина.

 

Сонымен қатар елімізде коллекторлардың қызметін реттейтін түзетулер де қабылданды.

Енді оларға коллекторлық агенттікке тіркелмеген, бөтен адамдардың телефон нөмірінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салынады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндеттеледі. Осылайша, бұл норма коллекторлардың борышкермен дөрекі сөйлесуіне немесе заңнаманы бұзуына жол бермейді.

Заң жобасында банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр. Ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады.

Сондай-ақ кредиторлардың қарыз алушылардың өтінішін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.

[:]