АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бар былықты Шах-Керім Кәрмен ұйымдастырады»: «Қалаулымның» қатысушысы жоба құпиясын әшкереледі[:]

[:kz]

Сондай-ақ, бағдарлама барысында көрсетілетін байланыс нөмірлері жалған болып шықты.

Атышулы «Қалаулым сен» жобасының шындығын әшкере еткен Айдын Жұмахан танымал әзілкеш, қоғам белсендісі Нұрболхан Шараповқа сұхбат берді, деп хабарлайды Oinet.kz.ке сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы

Таяуда ғана «Қалаулым Сен» жобасының тікелей эфирінде атышулы шоудың бүкіл шындығын айтып, елді елең еткізген жоба қатысушысы Нұрболханға берген сұхбатында сол кездегі айтылған әңгімені тарқата түсті.

«Қалаулым Сен» басталмай тұрып, келісім шартқа қол қойылғаннан кейін жоба қатысушылары туралы оларды уақытында өзгелерге әшкере ететін мәлімет іздей бастайды. Оны өздерінен кезінде жасаған жаман әрекеттері жөнінде сұрау арқылы жүзеге асырады. Егер маған сол мәселеңді айтсаң, сені қорғаймын деп алдайды.

Егер сіздер айтпай, жасырып қалсаңыздар, ертең мен оны эфирге шығарып жер қыламын деп қоқан-лоққы жасайды. Қит етсең соның бәрін елдің алдына шығарып, масқараңды шығарамын деп бопсалайды», — дейді жоба қатысушысы Айдын Жұмахан.

Тіпті, «Қалаулым сен» жобасы барысында келетін қоңыраулар жоба айналасындағы адамдардың тарапынан жүзеге асырылатыны белгілі болды. Сондай-ақ, бағдарлама барысында көрсетілетін байланыс нөмірлері жалған болып шықты.

«Ешбір компроматы жоқ, таза адамдарға: егер сен маған қарсы шықсаң, бәрі менің қолымда, сені, бітті, көмем дейді. Қатысушылардың ішінен біреуі шығып айтады, сені өткенде Сейфулина жақтан бір танысым байқап қалыпты дейді. Сосын редакция бізге де солай ақпарат келді дейді. Бір көрермен Сейфуллина көшесінен жиі байқайды екен деп, өз таныстарына қоңырау жасатады.

Ол адам хабарласып: «осы қызға ұқсайтын қызды Сейфуллинада еркектермен бірге көремін», — деп айтады, бітті. Әп-сәтте жезөкше қылып шығарады. Солай деп бағдарламадан шығарып жібереді. Сосын сен ешқайда барып ақтала алмайсың. Сол жаламен өмір бойы кетесің», — дейді жоба қатысушысы.

Тіпті, бағдарламаға келіп отыратын көрермендердің өзі тікелей эфир барысында үміткер рөлін сомдап жатады екен. Мұның бәрін ұйымдастыратын – шеф-редактор Шах-Керім Кәрмен.

«Көрермендерге ақшасы төленгеннен кейін өз пайдасына шапалақ ұрғызады. Анықтап қарасаңыздар, үміткер келмей қалған жағдайда тұрақты көрермендердің ішінен біреуін әкеліп отырғыза салады. Көрерменнің ішінде отырған адамдар үміткер болып отырады», — дейді Айдын Жұмахан.

Жоба қатысушысының айтуынша, бағдарламадағы болып жатқан былықтың бәрін ұйымдастырып отыратын Шах-Керім мырза екен.

«Жоба – бастан-аяқ шіріп кеткен бағдарламаның структурасы. «Қалаулым» – миллиардтаған ақша табатын бизнес», — деп есептейтін жоба қатысушысы, күллі халықтың алдында ол жобаны осылай әшкереледі.

[:]