АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бар күшін салуда»: Алматыдағы модульді аурухана дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатыр (фото) [:]

[:kz]

Коронавирус инфекциясының таралуына қатысты Алматы қаласында 18 күн ішінде салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінде жүздеген адамның өмірін құтқаруда деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

Модульді аурухана Алатау ауданында орналасқан. 

Медициналық мекеме 280 адамға арналған. Нысан ішінде 6 клиникалық бөлім, жансақтау мен қабылдау бөлімі бар. қызметкерлер тамақ ішіп, демалады. 

Сонымен қатар аурухана «таза» және «лас» аймаққа бөлінген, «таза» аймақта 

Аурухана ішінде қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері бар, таза аймақтың өзіне ПТР тест тапсырмаған кісіге кіруге болмайды. Сонымен қатар ауруханада төрт зертхана, компьютерлік томография, рентген, эндоскопиялық жабдықтар мен УДЗ және электрокардиография жасауға арналған кабинеттер бар. Жансақтау бөлімінде 28 жасанды тыныс алу аппараты орнатылған.

Қазір госпитальда емделіп жатқан 55 адамның жағдайы ауыр. Оның 18-і жансақтау бөлімінде. Қалғандары палатада. 

Ауруханада жүзге жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр, оның 30%-і күндіз жұмыс істесе, қалған мамандар түнгі ауысымға үш күн сайын кезекшілікке шығады. 

Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды

«Науқас ауруханаға түскен кезде біздің қызметкерлер міндетті түрде қорғаныс киімдерін киеді. Науқас ауруханаға түсер алдында жедел жәрдем бригадасы ол кісінің жағдайы қандай, ауыр ма, әлде орташа ма – бәрін хабарлайды.

Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова 

Реанимацияны, жасанды тыныс алу аппаратын дайындау қажеттігі алдын ала нақтыланады. Соған байланысты қызметкерлер дайын отырады», — дейді Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Утағанов.

 

 Медицина қызметкерінің сөзінше, күн сайын жансақтау бөліміндегі науқастардан бастап пациенттерді аралау басталады. Әрбір науқастың жағдайы жеке-жеке талқыланады.

Әрбірі жеке түрде емделеді, себебі коронавирус инфекциясы стандартты ауру емес. Кейде адамның сізбен сөйлескенде дене қызуы көтерілмей отырса да, бір сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылуды қажет етуі мүмкін

Орта ауырлық жағдайда жатқан науқастардың жағдайы күніне үш рет бақыланады, ал жағдайы ауыр пациенттердің жағдайын әр үш сағат сайын біліп отырады.Ол аурухана дәрігерлері айына бір рет коронавирусқа тест тапсыратынын білдірді. Инфекционист өзінің әріптесінің қалай инфекция жұқтырып алғаны жайлы да айтып берді

Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова 

Шымкентте спорт кешенінде 450 орындық стационар дайындалуда (фото) «Біздің бір қызметкеріміз барлық талапты сақтағанына қарамастан, реанимацияға түсіп қалды. Ол ауру жұқтырып алу мүмкін жерде жұмыс істеген еді. Адами фактор болады, адам шаршайды. Солай қателік кетіп жатады, одан ешкім сақтандырылмаған», — деді Бақыт Утағанов Алайда ол ешкіммен байланыста болмаған, бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Инфекционист Бақыт Утағановты үйінде жары мен алты жастағы қызы күтіп отыр. Ол 11 наурыздан бері үйінде болмаған.

«Төрт айдан бері үйге бармай, ауруханада жұмыс істеп жатырмыз. Олармен телефон арқылы хабарласып тұрамыз, алайда құшақтап, сағынышыңды басқанға ештеңе жетпейді. Әр дәрігер, әр қызметкердің арманы – аман-сау өз үйіне жету», — дейді ол.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

 

 

[:]