[:kz]
Петропавлда ашуға булыққан әйел қарт анасына қол көтерді.
Видеоны шұғыл кезде пәтерлердің есігін ашуға көмектесетін маман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әйел адам зейнерді есікті іліп алғаны үшін ұрысқан.
Қорыққаннан жылап жіберген зейнеткер есікті ілмегенін айтады.
Әйел жанында маманның тұрғанына қарамай анасын балағаттай жөнелген. Сабырлы болуға шақырған ер адамға «Бар жүйкемді тоздырып бітті» деп жауап берген.
Желі қолданушылары әйел адамның бұл әрекетіне шамданды.
«Анаға қалай қол көтеруге болады? Ол барын беріп, бала-шағасын бағып-қағып өсірді емес пе? Лас қолын көтергенше, алақанына салып аяламай ма екен? Ертең осы жасағандарын балалары алдына келтіретін болады. Балалары бар болса, әрине», – деп жазды желі қолданушылары.
Видеодан зейнеткердің қолы оралғанын көруге болады.
kznews.kz
[:]