[:kz]
Бүгін ел арасында Барахолка аталып кеткен базарға бардым. Бардым да, қайран қалдым. Қазақстан емес, Қытайдың бір провинциясындағы нарық сияқты. Сатушылардың басым көпшілігі қытайлар немесе қытай тілінде сөйлейтін дүнгендер. Құлағыңа қазақ тілі оқтын-оқтын естіліп қалатыны болмаса, басым көпшілігі орыс тілінде сайрап жүр. Сатушылардың көбісі қытайлар болғандықтан қытай тілінде, арасында тілін сындырып орыс тілінде шүлдірлейді. Аяқ киім сататындар мен кепкен жеміс(сухофрукты) сататындар тәжік, түрік, әзірбайжан тілінде өзара байланысуда. Ал сауда жасап жүргендер — қазақтар. Олардың өзі(көбісі) қазақ тілін алға жылжытудың орнына, орыс тілінде саудаласып жатыр. Заттың бағасын Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде «сколько стоит?» деп сұрамай-ақ, «қанша тұрады?» деп қазақ тілінде сұраса жаңағы өзге ұлттар бұл елдің, жердің қожайыны кім екенін сезінер ма еді? Өз тілімізді өзіміз сыйламасақ, өзге қайтып сыйласын. Әрине, мемлекеттің де саясатын айтуға тиіспіз, бірақ қарапайым ғана азаматтық позиция ретінде қолымыздан келетін осыны орындайықшы. Бөгделер бұл мемлекеттің иесі — Қазақ екенін сезініп, сескеніп жүрсін. Әйтпесе, Барахолка бөтен елдің провинциясы, ал қазақтар турист па екен деп қалдым.
facebook.com парақшасынан
[:]