АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бастығын өлтірмек болған»: түркиялық азамат коронавирус жұқтырған адамның түкірігін 70 долларға сатып алған[:]

[:kz]

 

Ол бастығының шайына коронавирус жұқтырған адамның түкірігін қосып өлтірмек болған.

Түркияда автосалон қызметкері COVID-19 жұқтырған науқастан түкірігін сатып алып, оны бастығының шайына қосып берген. Енді ол сот алдында жауап береді.

Автосалон иесі Ибрагим Унверди қызметкеріне автокөлік келісіміне деп 215 мың түрік лирін берген. Бұл Қазақстан ақшасымен 12,7 млн теңге.

Алайда қоластындағы қызметкері ертесі күні хабарласып, келісім жасасудың орнына, несиесін жапқанын айтады.
Унвердидің сөзінше, басқа қызметкерлер әлгі адамның оны өлтірмек болып жүргенін жеткізген. Ол коронавирус жұқтырған адамнан түкірігін 70 долларға сатып алып, оны бастығының шайына қосып берді. Алайда Унверди ол шайды ішпеген, сол себепті вирус жұқтырмады.

Арам ойы жүзеге аспаған қызметкер оны бір күні атып өлтіретінін айтады.

Тіпті «Мен сені вируспен өлтіре алмадым. Келесі жолы басыңнан атамын» деп хат жазып жіберген.

Нәтижесінде автосалон иесі полицияға хабарласып, қызметкер ұсталды. Оған кісі өлтірмек болды деген кінә тағылды.

 Skifnews.kz ақпарат порталы.

[:]