АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Басы жарылып, көзі шыққан дәнеңе жоқ»: Дауға қалған Төреғали Төреәліні өнердегі әріптестері қолдады[:]

[:kz]

 

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде Төреғали Төреәлі гид қызметіндегі жігітті ұрып, жаман сөздері мен әдепсіз әрекеті үшін көпшіліктің талқысына түскен еді. Бұл жағдайға өнердегі әріптестері ел ішінде бір тентек болады деп әншіге қолдау көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейрамбек Беспаев Төреғали мен жас жігіттің арасында болған жанжалды ер шекіспей бекіспейді, ер азаматтың басында мұндай түсініспешіліктер болып тұрады деп ақтады.

“ Төреғалидің бүгінгі жағдайын ойласам:

Қолымда бір қамшым бар сәліңгірдей,
Атандым елге тентек кәдімгідей.
Бір тентек ел ішінде жүрмей ме екен,
Соңыма неге түстің бәрің бірдей?-деген Аманғали Серінің өлең жолдары еріксіз еске түседі. Төреғали інімнің басы дауға іліккелі әркім жағдайды сан саққа жүгіртіп жатыр. Көре алмайтындар «сауап болды» деп күндесе, жақсы білетіндер «жаңылғаны шығар» деп демеу болуда. Басы жарылып, көзі шыққан дәнеңе жоқ. «Ер шекіспей, бекіспейді» деген де бар бұл қазақта. Екі жігіт шекісіп қалып, енді қол алысып, құшақтасып жатса, достыққа қарай қадам басса, бұл бәріміздің ұтқанымыз емес пе”,- деді әнші.

 

Оның сөзінше, шекіскен екі жақ бітімге келсе, бұған құқық қорғау органдары да қарсы болмайды. Сонымен қатар Мейрамбек Беспаев өз балаларыңды өзегінен тебем десеңіздер де өз еріктеріңіз деп халықтың сынына жауап берді.

“Төлеген Айбергеновтің «Қисықтығын өзгенің, түзу тұрып дәлелде» деген жолдарын еске алсақ, ең әуелі бәріміздің бойымызда бар өз мінімізден ұялар едік. Төреш өз мінезін игере алмапты, дұрыс емес. Бірақ кім бізге өз жақсысын әкеп береді дейсіз? Жігітке тән шалт мінез, жасындай жарқ еткен эмоциямен екі азамат бірін-бірі ренжіткені рас, дегенмен арты жақсылықпен аяқталып отыр. Бұл да мәмілеге асығатын, жау болғанша бауыр болуға ұмтылатын өзіміздің қазақи болмысымыз емес пе! Енді біз де елдігімізге жараспайтын ұсақ-түйек өсекті тоқтатып, керісінше ел іші даудан, сырты жаудан аман болсын деп тілейік», — деп жазған Мейрамбек Бесбаев.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі жас жігітті себепсіз соққыға жықты деп айыпталған болатын.

 

 

 
 

[:]