[:kz]»Басымды қатырмаңдар». Жаңа тағайындалған бас санитар дәрігер халықтың ашуына тиді (видео)[:]

[:kz]

 

 

 

Алматы облысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалған Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күні талдықорғандық халықтың наразылығын туғызды. Тұрғындар оның орынсыз әрекеттеріне шағымданды. Болған оқиғаның видеосы ТАЛДЫКОРГАНЕЦ парақшасында жариялады.

Жаңа қызметке тағайындалған Ерғали Сыдыманов Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесті. Бірақ алғашқы кездесу жоспардағыдай болмаған. Шенеуніктің айтқандарын тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген.

«Мен саған қызмет көрсетпеймін. Түсінемін, балаларды бағу керек, ары-бері, несие бар, андай-мұндай. Менің не тұрмысқа құрғаныма бір жыл болды ма?(мысқыл). Болды, сау болыңдар, басымды қатырмаңдар. Сен не видеоға түсіріп тұрсың ба? Міне, осындайдан басталады бәрі»,- дейді Ерғали Сыдыманов видеода.

 

Әлеуметтік желіде «Санитар дәрігердің үйіне барып, жұмыс сұрап тұрғандай, «голову не морочьте» деп қояды ғой», «Анау-мынау демей дұрыстап сөйлемей ме. Екі сөздің басын қоса алмай отырған адам» деген пікірлер жазылып жатыр.

 

[:]