АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Басына сәукеле киген отандық танымал әзілкеш елден оңбай сөз естіді (видео)[:]

[:kz]

Басына қазақтың ұлттық сәукелесін киіп, вайн түсірген отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев көпшіліктен сөз естіп тынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Жахан Отарғалиев. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жахан Отарғалиев. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Вайнердің видеосы kaz_stars парақшасында жарияланған.

Әйелдің образына еніп, өз өлшеміне сай көйлек іздеп жүрген Жахан Отарғалиевтің әрекеті желідегілердің көңілінен шықпаған сыңайлы. Олар әзілкештің вайнын сапасыз дүниеге теңеп, қатаң сынға алған.

«Масқара», «Сәукелені жайдан-жай киюге болмайды. Киесі ұрады», «Қазіргі ер адамдар ұсақталып кетті ғой», «Бұл видеомен не айтпақ болдыңыз көпшілікке?», «Мына видеоны көріп, мен қатты намыстанып кеттім».

«Ер адамға тән қасиет қалмапты ғой», «Мүлде ер азаматқа лайық іс емес», «Сәукеленің не қадірі қалды? Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді», «Сәукелені қорлағаны үшін соттау керек», «Ұлттық құндылықтарды қорлағандарға қатысты қашан заң шығады екен», — деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Жахан Отарғалиев өзін Тұрсынбек Қабатовтың төрт жыл бойы сахнаға шығармағанын айтып берген болатын.

 
  

[:]