[:kz]
Бір жігіт Астанаға поезға билет таппай, автобусқа отырады. Астанаға бара жатып, қасына жайғасқан қызбен әмпей жәмпей болады. Ыстық құшақта балбыраған екеу біраз сезімнің балын татады. Қыз шын ұнатса керек, көңілі кетіп, адресін береді де, жігіттің иығына басын қойып ұйықтап қалады. Жігіт қыздың қолын сүйіп отырып, алтын сақинасына көзі түседі. Таразға жақындағанда қыздың саусағынан сақинасын шығара бастайды. Сақина буынға келгенде жүрмей қалады. Бастаған ісін аяқсыз қалдырғысы келмеген бозбала, саусағын сулап алып, сақинасын әрең шығарып алады да, Таразға жетпей, жолда түсіп қалады. Аршын төс, оймақ ауыз, күлімкөз қыз автобуста қорылдап ұйықтап кете барады .
Жігіт: «Басында қызға қызыққан едім. Кейін сақинасына қызығып кеттім «- деп отыр.
Қыздар, көкіректеріңді жауып, көздеріңді ашып жүріңдерші!
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]