[:kz]
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ерлан Бекхожиннің “Ұлттық мүдде” бағдарламасына берген сұхбатында Алматыдан Алакөлге дейінгі жолдың жақсартылып, келесі маусымға дейін аяқталатынын және аймақтағы жол мәселелерінің шешілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі басты мәселелердің бірі жол салу деп есептейтіндігін айтты. Еске салсақ, бұл әкімді туристер Талдықорған-Ақши бағытындағы жол үшін сынға алған болатын. Сөзінше, 2022 жылдың жазына дейін Алакөл демалыс орнына баратын жолдар толығымен жасалады.
«2001 жылдары Алматыдан Талдықорғанға дейін 5 сағаттай жүретінбіз. Жолдың нашарлығы соншалық шұңқырлармен жолақшалардан көлік әрең қозғалатын. Соның салдарынан жол апаты да көп болды. Ал қазір «Нұрлы жол» бағдарламасынан кейін жол жағдайы Еуропадан кем емес. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Көпшіліктің «Алматыдан Алакөлге қалай жетуге болады?» деген сауалына “Алматыдан Үшаралға дейінгі жол дайын” деп айтуға болады. Премьер-министрдің айына бір рет жеке бақылаудан өткізеді. Жақында дайын болған тас жолдың үстімен ол көлікті өзі жүргізіп, тексерііп көрді”, – дейді облыс әкімі.
Сондай-ақ қазір Талдықорғаннан Балқашқа дейінгі жол салынып жатыр. Осылайша, жергілікті билік аймақтағы туризмді дамытуға ниетті. Облыс әкімі жетісулықтарды газдандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыссыздық пен спортты дамыту сияқты өзекті мәселелер туралы да айта кетті.
[:]