АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Батыс ең соңғы украиндық қалғанша соғысуды ойлап отыр — ПУТИН[:]

[:kz]

Владимир Путин Мемлекеттік Дума фракцияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мемлекеттік Думаның барлық фракцияларын Путин асыра мақтады. Көктемгі сессияда олар өздерін нағыз мемлекет қайраткері, патриот ретінде көрсетті. Бұл туралы Владимир Путин парламенттің төменгі палатасының спикерімен және Дума фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде мәлімдеді. Президент партия көп, бірақ Отан бір екенін баса айтты.

Сондай-ақ, Владимир Путин Ресей алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерге тоқталды.

Путиннің осы кездесуде айтқан сөздерінің ең маңызды тұстары:

“Украинада соғысты Ресей бастады дейді. Олай емес”

“Батыс ең соңғы украиндық қалғанша соғысуды ойлап отыр. Бұл украин халқының трагедиясы”

“Олар бізді ұрыс даласында жеңеміз деп ойлайды. Олай болса байқап көрсін”

“Уақыт өткен сайын Батысқа бізбен келіссөз жүргізу қиындай бермек”

“Жириновский ұлы саясаткер болды. Оның айтқандары тура келуде.”

“Адырна” ұлттық порталы

[:]