[:kz]
Ресейлік «Голос. Дети» шоуының жеңімпазы Ержан Максим өзінің Нұр-Сұлтандағы алғашқы концертін аншлагпен өткізді. Жас өнерпаздың кеші қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ержан анасын да, жанкүйерлерін де жерге қаратпады — оның жеке концерті барша жұрттың көңілінен шықты.
Астаналықтар жас әншіге орындарынан тұрып қошемет көрсетіп, оны бір сәтте гүлдің астында қалдырды.Кешті тамашалауға келген көпшілік Ержаннан автограф сұрап, концерт соңында жеткіншектің қолынан ұстап қалу үшін кезекке тұрды.
Ержан Максим сахнаға алтынмен «апталып» шықты. Оның костюмінің авторы Димаш Құдайбергенге де киім тіккен отандық дизайнер болып шықты.
Бүгінгі кеште жас әнші әр түрлі әсер сыйлаған секілді.
Үлкен кемеде отырып, өзінің әкесі туралы ән салғанда жұрттың жанарына жас үйірді.
Ал әйгілі Boney M репертуарындағы ең танымал «Daddy cool» әнін шырқағанда жанкүйерлері ойнап-күліп, бір серіпіліп қалды.
Айта кетерлігі, бұл кешке «Муз Тв» арнасының директоры Арман Давлетьяров келіп, «мен уәде бердім, сондықтан осындамын», — деді ол.
[:]