АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баян Алагөзова өзін басты деградант атаған Ермек Тұрсыновқа жауап берді[:]

[:kz]

Баян Алагөзова өзін басты деградант атаған Ермек Тұрсыновқа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі продюсерді Ермек Тұрсынов ұлттың құндылғын жоғалтуына себепкер болдың деп айыптаған еді. Алагөзованың қатарына Тұрсынов мырза Нұртас Адамбайды да қосқан болатын. Ол продюсерді басты деградант деп атап, ауыр сөздер айтқан. Мұны көрген Баян Алагөзова Тұрсыновқа жауап берді.

Ол барлық халықты азғындалған деп жала жазбуға сіздің құқыңыз жоқ деп шорт кескен. Продюсер Тұрсыновақа жаңа диагноз қойып, не себепті өзіне тисе бертіні туралы сұраған.

«Мені бүкіл халықтың басты деграданты деп атағаныңыз қандай мәртебе! Тұрсынов мырза, сіз менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме ұзақ жылдар бойына нұқсан келтірдіңіз. Сізге қояр сұрағым бар. Сізде «кішкентай мүше» синдромы бар ма? Менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба? Сізге бүкіл халыққа қатысты шешім шығаруға кім рұқсат берді?  Жоқ әлде сіз сотсыз ба? Менің ойымша, сіз тозған халық жақсы көретін менің бірде бір туындымды көрген жоқсыз», —  дейді Баян Алагөзова. 

Артынша, продюсер Тұрсыновқа кеңес беріп, елімізде қанай мәселелердің шешім таппағанын айтып берген. Осылайша, ашуға булыққан Баян Алагөзова өзінің бойында қызғаншақтық деген ұғымның жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, продюсер өзінің тегін теріс жазғанын айтып, Тұрсыновты сөгіп тастады. 

«Сондықтан сізге менің кеңесім. Егер осыншалықты батыл болсаңыз қоғамдық кеңесте сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешіп, саяси тұтқындарды босатыңыз, барлық бақытсыз аналарға, балаларға, мүгедектерге әлеуметтік кепілдіктер беріңіз, зауыттар құрыңыз, жұмыс орындарын ашыңыз. Азғындалған жұрттан алаңға не үшін шыққанын сұрауды ұмытпаңыз. Мен басқа біреудің даңқын, талантын және жетістігін оңай қабылдаймын. Есіңізде болса, мен тегімді өзгерттім, келесі жолы абай болыңыз. «Жауды да құрметтеу керек», — деді біздің ұлы бабамыз Бейбарыс», — дейді Баян Алагөзова. 

 Stan.kz 

[:]