АЛТЫНОРДА
Новости КазахстанаШоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов тұрып жатқан үйін көрсетті (фото)[:]

[:kz]

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов Алматыдағы тұрып жатқан үйін көрсетті. 250 шаршы метрлік үй 3 қана бөлмеден тұрады. Кәсіпкер Көктөбенің жанынан тауға қараған үйді таңдаған. Үй ішінің әр бөлмесінде камера орнатылған. Ал пәтер дизайны заманауи емес, ескілік нақышта жасалған.

Ерлі-зайыпты үйін алғаш рет Динара Сәтжанның бағдарламасында көрсетті. 

 

Тұрсын Алагөзов үйін Көктөбенің жанынан алған. Сыртқа қарағанда тау көрінеді. Табиғаты ерекше, ауасы таза. Үй іші қытайлық заттармен безендірілген. Тіпті сары ескі шкафты арнайы Қытайдан сатып алғанын айтады. 

“Бұл маған ұнады. Қытайдан сатып алдым. Сары шкаф”, – деді ол. 

 

Тұрсын Алагөзов үйде гүл өсіргенді ұнатады. Гүлдердің ыдысын өзі ауыстырып, күтіміне өзі қарайды.

Террасада қытайлық әуенді құрал ілінген. 

“Бұл әуен жанды тыныштандырады. Жел соққанда даусы тіпті керемет. Кейде ол Баян Мақсатқызына ұнамай кетеді. Ондай кезде алып қоямын”, – дейді Алагөзов. 

Үй іші кең болғанымен 3 қана бөлме бар. Себебі ерлі-зайыпты кең бөлмелерді қалайды. Әр бөлмеде камера бар. Тіпті жатын бөлмеде де камера орнатылған.

“Менің жұлдызды белгім – бикеш. Бикештер ұқыпты келеді. Әр нәрседен паника жасамайды. Мен әр затымның ұқыпты, жинақы тұрғанын қалаймын. Киімдерімді өзім реттеймін. Бәрінің орнын білемін”, – деді ол. 

Баян Мақсатқызы да белдіктерінің шашылып жататынын, ал жолдасының белдіктері жинақы түрде шифонерде ілініп тұратынын айтады.

“Бұл бикештер мен тауешкілердің мінезінің қандай екенін көрсетеді”, – деді продюсер. 

Тұрсын Алагөзов үй шаруасында бәрін жақсы меңгерген. 

“Мен тамақ та жасаймын. Үй де жинаймын. Кір де жуамын. Бәрін жасай аламын. Ал Баян кір машинаны да қоса алмайды. Ол тек киімдерін әкеп сала алады”, – деді кәсіпкер. 

Кәсіпкердің үйінде спорт құралдары бар арнайы бөлме бар. Ол күнделікті жаттығып, штанга көтереді. 

“Үй күтушіміз бір аптадан бері ауырып жатыр. Үй шаруасына қарай алмай жүрмін. Қаншама әйел осындай тіршілікпен күнделікті айналысады. Ал мен микро толқынды пешті де қоса алмаймын”, – дейді продюсер.

“Үй шаруасын ешқандай құлқым жоқ. Алайда таңғы асты қазір өзім әзірлеп жүрмін”, – деді Баян Мақсатқызы. 

[:]