АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды[:]

[:kz]

 

Қаралы хабарды марқұмның жақындары растаған екен.

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды. Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр, дейді baq.kz.

Қаралы хабарды марқұмның жақындары растаған екен.

Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты.

[:]