АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейсен Құранбектің анасы ұлының қырқы болатын күні көз жұмды[:]

[:kz]

Бейсен Құранбектің анасы Ямалиға ана 73 жасында дүние салды. 

Танымал тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбек қырық күн бұрын мәңгі фәниге аттанды. Анасы ұлының қырқы болардан бір күн көз жұмды. 

26 маусым күні Бейсен Құранбектің өзінің туған ауылы Қызылжарда және 27 маусымда Талдықорғанда қырық күндігіне арнап ас берілмек болған еді. Алайда елімізде тараған індетке байланысты карантин талаптарын сақтау мақсатында қырық күндік асы берілмейтін болды. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлады. 

«Өзгелерге де өзімізге де зиян келтірмес үшін қырық күндік асын беру туралы жоспарымыздан бас тартуға мәжбүрміз» дейді олар.  

Бүгінгі күні Талдықорғанда құдайы тамақ берілуі тиіс еді. Амал нешік, әулет қайғы үстіне қайғы жамылды. 

Желі қолданушылары қазаға қайғырып, қайырлы болсын айтып жатыр.

«Апаның жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын», «Алланың жазуы солай болып тұр», «Ана жүрек қазана көтере алмады, ұлының соңынан асықты», «Әзиз ана, ұлым дей алмай өткен екен, иманды болсын», «Иманы саламат болсын, иманы жолдас болсын, жақындарына сабыр берсін», «Екі адамынын айырылған әулетке Алла сабырлық берсін», — деп жазды олар. 

https://stan.kz/beysen-kyranbektin-anasi-ylinin-kirki-bolatin-kuni-koz-333375/

 

[:]