АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейтаныс адамды арандатуды доғару керек қой, «қыздар». [:]

[:kz]

«Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі»

Қай бір күні бір ыңғайсыздықтан құдай сақтағанына бүгін көзім жетті. Аулаға шыққаным сол еді. Бала жетектеген бойжеткен қыз әлде жас келіншек, жыламсырап

— Ағай, анау балаға айтыңызшы. Телефонымды тартып алып, бермей қойды! — дейді.

Нұсқаған жағына қарасам, «бала» дегені 20-25-ң арасындағы соқталдай жігіт.

#Немолчи тобына мүше болмасақ та, мен араласатын іс.

Араласудан бұрын, көзтаразымен атып алдым.

Салмақ категорияға салсақ, ұтыс явно әлгі «бала» жақта..

«Физикамен» алу қиын..

Демек, психиканы іске қосу керек…

— Ол кім, танисыз ба өзіңіз?

— Танимын. Көрші бала.

— Қызсыз ба, келіншексіз бе, өзіңіз?

— Қызбын! — дейді, көзінен аққан тарам-тарам жасын қолымен сүртіп..

Сөйтіп тұрғанда, әлгі «бала» жақындады.

— Ей, жігіт! Не болды?- дедім, дауысымды барынша «бас» қылуға тырысып…

Тығырықтан жігіттің өзі шығарды.

— Ой, аға назар аудармаңыз. Бұл иоппошамайттың қатыны жүрген жерінде осылай публикаға ойнап жүреді.

— Жүр үйге! — деп, келіншектің білегінен ұстап жетектеп әкетті.

Аузым ашылып мен қалдым.

Әлгінде, сол «бала» мен «қыз» екеуі жетектесіп, алдымнан тағы кездесті.

«Қыз» мені танып төмен қарап, жымиып жанымнан өтті…

Бейтаныс адамды арандатуды доғару керек қой, «қыздар».

Менің орнымда миынан бұрын қол-аяғы қимылдайтын «Шаолиндік монах» болып шыққанда жігітің бекерге майып болар еді…

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Толығырақ: alashainasy.kz

[:]