АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгісіз біреу желіде ұятсыз фотолар жариялап, тараздық бойжеткенді «жезөкше» етіп көрсеткен[:]

[:kz]

Тараздық Лаура Оңғар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Айтуынша, алаяқтар бір жылдан бері әлеуметтік желіде оның атынан жалған парақшалар ашып, ұятсыз мәнде фото-видеолар мен хабарламалар қалдыруда. «Қызмет көрсетемін», «көңіл көтеремін» деген сынды жазбалардан кейін Лаураның күйеуі мен туыстарының әбден мазасы қашқан. 

Бұл туралы Stan.kz КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

23 жастағы Лаураның мамандығы — мейірбике. Бірақ бүгінде мамандық бойынша емес, сән салонында жұмыс істейді. 

Осыдан екі жыл бұрын өзінің Шерхан есімді сүйіктісіне тұрмысқа шығуға бекінген, салт-дәстүр бойынша сырға салынған. Айтуынша, содан кейін белгісіз қыз оған біртүрлі мәндегі хабарламалар жібере бастаған. Шерханнан аяғы ауырлап қалғанын және де өзін тастап кеткенін жеткізген. Алайда Шерхан ондай қызды мүлде танымайтынын айтқан. Ал түсік тастаған қыз бар өкпе-назын Лаураның туыстарына да жаза бастаған. 

Ал осыдан 1 жыл бұрын әлеуметтік желіде Лаураның атынан фейк-парақшалар ашылып, ішінде ұятсыз мәндегі фотолар мен жазбалар қалдырылған. Содан бері Лаурада маза жоқ. Телефонына қызмет ақысын сұрап хабарласатындардың толастайтын түрі көрінбейді. Нөмірін бірнеше мәрте ауыстырса да, көмектеспепті. 

«Бүкіл түнге 5 мың, 3 мың теңге деп әртүрлі баға қойып қояды. Мен «жоқ» десем, ол кісілер: «Екеуміздің арамызда қалады, 40-50 мың теңге беремін», — деп айтатын. Тіпті, біреуіне: «Маған бергенше, осы ақшаны анаңызға беріңіз», — деп те айттым. «Анам ол ақшаға мұқтаж емес. Қорықпа, арамызда қалады», — деп айтқандар да болды», — дейді Лаура Оңғар. 

 Stan.kz

[:]