[:kz]
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаеваның концерті кезінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Ортаға шыққан жанкүйерлердің бірі өнер көрсету барысында әншінің шашын жұлып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айгүл Иманбаеваға жасалған бұл пасық әрекеттің видеосы Instagram желісіндегі әншінің фан-аккаунттарында жарияланған. Бейнежазбадан әртістің халық ортасында ән салып жатқанын көруге болады. Кейін өнер иесінің артынан келген белгісіз ер адам оның шашын жұлып алады.
Бұл сәтте Иманбаева жан-жағына қарап, бұл әрекетті кім жасағанын түсінбей қалады. Желі қолданушылары бейтаныс азаматтың бұл қылығына ашуланып, оның не мақсатта бұл әрекетке барғанын түсіне алмай әлек болды. «Осылай халықтың ортасында ән айтып жатсаңыз біреу келіп, шашыңызды жұлып алып, орап қалтасына салып жатса қалай?
Масқара ғой мынау», «Мына ағаның тірлігі жұрыс емес.
Ұят жағдай», «Іздестіріп тауып алып,жауапкершілікке тарту керек. Тыныш қалтырмаңыз», » Ән айтуға мүмкіндік бермей,не болған бәріне халқым ау?Ер кісіні тауып алып,жазалау керек сияқты», «Апталдай азамат бұнысы несі,шашын не мақсатпен жұлды», — деп жазуда желідегілер.
[:]