АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бергей Рысқалиев Лондонда серуендеп жүр: Желіде тағы бір видео жарияланды[:]

[:kz]

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінде жайбырақат серуендеп жүргені видеоға түсіп қалған еді. Енді міне, желіде қашып кеткен шенеуніктің тағы бір видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы роликте Бергей Рысқалиев өзін камераға түсіріп тұрғанын байқаған кезде, түсірілімді тоқтатуды талап еткен еді.

Екінші видеода бұрынғы шенеунік көшеде үнсіз ары-бері жүр. Ол қайда барарын білмей тұрғандай.

Еске сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке отанында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, ұрлық, алаяқтық жасады, қызметін асыра пайдаланды және пара алды деген айыптар тағылған.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ол сырттай сотталып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған.

 

 

[:]