[:kz]
Журналист Гүлмира Әбіқай Қызылорда облысы Сырдария ауданында бес балалы әйелдің өз отбасынан кетіп қалғанын мәлімдеді. Ол келіншек туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
«5 баланың анасының үйден безіп кеткеніне 2 айдан асты. Құр кеткен жоқ, балалардың жәрдемақы картасын, ортаншы мүгедек ұлына берілетін жәрдемақысын өзімен ала кетті» , — деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Журналист өзіне келіншектің анасы хабарласып, оқиғаны баяндағанын айтты.
«Қызылордаға кеттім деп, сол кеткеннен мол кетті. Балалары аш-жалаңаш. 5 балаға түсетін жәрдемақыны, мүгедек баласының жәрдемақысын әкесінің атына аударып беруді сұраймын», — деп жазған анасы Гүлмира Әбіқайға.
Осы орайда, Қызылорда облыстық полиция департаменті әйелдің жоғалғаны туралы ақпараттың түспегенін айтты. «Жарияланымда көрсетілген дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сырдария ауданының Шаған ауылында Қ.Б. отбасына қатысты аудандық полиция бөліміне қандай да бір хабарлама немесе арыз-шағым түспегендігі анықталды. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен орын алған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
[:]