АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бес қазақ жігіті бостандыққа шығады»: Алматы облысында қытайларды ұрғаны үшін істі болған азаматтардың соты[:]

[:kz]

Алматыда облысында қытай азаматтарын соққыға жыққан бес қазақ жігіті бостандыққа шығуы мүмкін.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін ғимарат алдына жиналып, «Бостандық» деп ұрандатқан халыққа Ақсу аудандық прокурорының орынбасары Әділет Сабырбаев шығып, бес жігіттің бостандыққа шығуы мүмкін екенін ескертті. 

«Жігіттер ертең процесті келісіп жасалғаннан кейін сот залынан шығады» деп уәде берді. Бірақ осыған дейінгі екі соттда да жәбірленуші болған 21 қытайлық азаматтың ешқайсысы келмеді.

Ал, жәбірленуші деп танылған полиция қызметкері бес жігітке еш шағымым жоқ деді. 

«Мен арыз жазған жоқпын. Мен бес жігіттен таяқ жеген де жоқпын. Жағдайды дұрыс түсініңіздер. Мен қабырғам сынып жатқандықтан мені жәбірленуші деп тағайындаған», — деді полиция қызметкері.

Ал, тағы бір жәбірленуші автобус иесі. Ол оқиға орнында болмағанын айтты. 

«Біз оқиға орнына ешқандай қару апарған жоқпыз. Мән-жайды білу үшін шыққанбыз. Бірақ солай болды. Өз көлігімізбен шықтық. Нөмірі алынбаған, маска тағылмаған», — деді айыпталушы Сарқыт Салханов.

Ал, айыпталушылардың адвокаты жәбірленушілер сотқа келмесе, сот ісі қысқарылсын деген өтінішпен судьяға жүгінді. 

Айта кетейік, қазан айында Талдықорған-Өскемен тасжолында қытай азаматы этникалық қазақты ұрған болатын. Артынша бес қазақ жігіті кек қайтарамыз деп бірнеше қытай азаматын соққыға жықты. 

[:]