[:kz]
Қытайдың Хубэй провинциясының тұрғыны ұйқыға жатар алдында бетіндегі бояуды дұрыс жумай, салдарынан кірпігінде кене қаптап кеткен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
32 жастағы әйел соңғы жарты жылда көзінің тітіркеніп, кірпігі түсіп жатқанын айтып шағымданған. Ол өздігінен емделіп, нәтижесіз болғандықтан, ауруханаға барыпты. Дәрігерлер әйелді қарап, оның кірпігінен каптаған кенені тапты.
Микроскоп астындағы паразиттердің суретін көрген әйел қатты шошыған. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай жағдайға әйелдің күтінбеуі себеп болған көрінеді. Нақтырақ айтқанда, әйел ұйқыға жатар алдында бетіндегі бояуды дұрыс жумаған. Тіпті, кейде боянған күйінде ұйықтапты.
Нәтижесінде өлі тері мен бояудың кірі кененің қаптауына қолайлы жағдай жасаған. Бұл паразиттер адам денесінде өмір сүріп, денсаулығына қауіп төндірмейтініне қарамастан, олар қаптап кетсе, теріге қатысты қиындықтар тудыруы мүмкін.
Кенелер ыстық күндері ерекше белсенді болып, жылдап көбейеді. Мұндай кезде бір кірпікте 36 паразитке дейін өмір сүруі мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел дер кезінде ем қабылдамаса, кірпігіндегі қабыну бүкіл көзіне тарайтын еді. Өз кезегінде ол көз қабығының қабынуы немесе көз қарығуына алып келуі мүмкін.
Мамандар бетте паразиттер мөлшерден тыс көбеймеуі үшін, бояуды барынша дұрыстап кетіруге кеңес береді
[:]