АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бетперделерін шешкен Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны қайта артып жатыр[:]

[:kz]

Одан бір күн бұрын 47 вирус жұқтырушы тіркелген.

Reuters  агенттігінің ақпаратынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейе бастаған, деп жазады Qamshy.kz.

Қытай Ұлттық Денсаулық Комиссиясының бүгінгі жасаған мәлімдемесінде кеше 78 жаңа асимптоматикалық жағдай тіркелгені айтылды. Одан бір күн бұрын 47 вирус жұқтырушы тіркелген.

Қытайда ақпанда коронавирус жұқтырушылар санының арту қарқыны шегіне жетіп, кейін бәсеңдей бастаған. Алайда кешеден бастап (жексенбі күні) қайтадан көбейе бастағаны байқалуда.

[:]