АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға: менің ешқандай қатысым жоқ» — Ернар Айдар

[:kz]

Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарымның «Сені сағындық» , «Біз сенімен біргеміз» деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат пайда болады екен.

Ұтыс ұйымдастырамын деп басы дауға қалған әнші Ернар Айдар тергеу ісінің қалай жүріп жатқанымен бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өті жатқан тергеу жұмыстарына қатысты тың ақпаратты ол өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. Бірнеше апта әлеуметтік желіден бой тасалаған Ернар көпшілікті мазалаған қаражатқа қатысты сұрақтарға да жауап берді. 

«Ассалаумағалакүм құрметті де, ардақты ағайын. Мен де қазір бәрі жақсы, маған алаңдап, уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жатқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын. Тергеу жайлы сұрап жатқандарға: ЭТД маған айтқаны бойынша ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар қашан аяқаталатыны белгісіз. Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады.

Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға: Менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ. Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. (Оспанов Азат, Темірбек Ернар) Қазірде ЭТД осы ұйымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Бұл нәрсе маған ауыр тиді. Себебі, қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқан да не істеріңді білмей қалады екенсің. Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол. Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті» , — деп жазды ол.

Әнші өзін қолдаған көрермендерін алдағы уақытта жақсы жаңалықтармен қуантатынын да айтып өтті.

[:]