[:kz]
Білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова әлеуметтік желілерде ғылыми дәрежесін заңсыз иелену мен жемқорлыққа қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді. Вице-министр жазба мәтінінде бірнеше қате жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фатима Жақыпова. Фото: facebook.com
Ақталуға асыққан вице-министр мәтінінде бірнеше грамматикалық, пунктуациялық және стилистикалық қате жіберген.
Бірінші абзацында-ақ ол «р» әріпін қалдырып «госудаственной» деп жазған.
Вице-министрдің парақшасынан скриншот
Вице-министрдің парақшасынан скриншот
Айта кетсек, орыс тілі ережелеріне сай, бұл ретте «в завершении» сөзінің орнына «в завершение» қорытындылау нұсқасы қолданылады.
Вице-министрдің парақшасынан скриншот
Фатима Жақыповаға жіберілген қателерін көрсеткен соң, ол лезде түзетіп, ақталды.
«Қазір іссапарда жүрмін, мәтін телефонда жылдам терілген», — деп түсіндірді.
Естеріңізге салсақ, Фатима Жақыпова осы жылдың сәуір айында Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі атанған болатын. Бұл тағайындауға дейін ол ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор болған.
[:]