АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Бір оқушыдан вирус табылса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі» — Асхат Аймағамбетов[:]

[:kz]

Министрдің атап өтуінше, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді.

1 оқушыдан коронавирус шықса бүкіл сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

«Егер бірінші сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағидада дәл осындай мәселе қарастырылған», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің атап өтуінше, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді.

[:]