[:kz]Биыл Н . Назарбаевтың тұған күнін тойлау жоспарда жоқ -министірлік [:]

[:kz]

Жуырда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына ресми сауал жолдап, 6 шілдеге қатысты бірқатар сұрақтар қойғанбыз. Сұрақтарымызға Мәдениет комитетінің төрағасы Р.Кәрібжановадан жауап келді деп хабарлайды  Nege.kz  ақпараттық сайты 

Биыл 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде тойлана ма? Қазақстан халқы үшін 6 шілде демалыс күні болып қала ма? Экс-президенттің  туған күніне байланысты мерекелік шаралар өткізіле ме?

Мәдениет комитеті төрағасының жауабы төмендегідей болды:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес 6 шілде – Астана күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі  болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен 5 шілдеде Астана күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-орталығының алаңы, ашық аспан астында жас орындаушылардың қатысуымен (opеn air) концерттік бағдарламаны өткізу жоспарлануда.

Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып саналады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен Елбасының туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарланып отырған жоқ».

Яғни биыл экс-президент Н.Назарбаевтың туған күніне қатысты ешқандай іс-шаралар өтпейді. Жылдағыдай қымбат сыйлықтар жолданбайды, ат төбеліндей ғана топқа арналған аста-төк дастархан жайылмайды, ақын-жазушылар «Елбасыға» ода арнамайды.

Ал енді жылдағыдай салют атыла ма? Егер атылса, оған қанша қаражат жұмсалады? Біз бұл сұрақты Елорданың әкімі Алтай Көлгіновке жолдадық.

Естуімізше, биыл Нұрсұлтан Әбішұлы туған күнін не Дубайда, не Лондонда ет-жақындарымен ғана өткізуі мүмкін. Он екі айда он үш той жасап үйренген адамға бұл ауыр ғой.

Бәлкім, жұрт айтып жүрген «Патриархтың күзі» енді басталған болар?..

[:]