АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біз бәріміз Назарбаевқа қарыздармыз[:]

[:kz]

Горбачевтың орнында Назарбаев Совет одағын басқарған болса,  Қытай бізді қызғанатын еді.

Журналист, Россия 1 арнасының жүргізушісі Владимир СОЛОВЬЕВ «Кто против?» бағдарламасында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ролі туралы айтты. Бұл туралы Жас АЛАШ сайты youtube.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Владимир Соловьев Елбасының ең басты еңбегі Ислам елдерінде болып жатқан террордың алдын алуы деп біледі.

«Біз бәріміз Назарбаевқа қарызбыз. Жаңа одақты басқаруы тиіс адам дәл осы Назарбаев еді. Назарбаев дана мемлекет басшысы болды, Қазақстанның тарихында қалады және қазір де оның ақылын керек жерінде пайдаланады деп ойлаймын. Назарбаев өзінің ұлтын исламдық террордың сынақтарынан сақтап қалды. Ол өзін дәлелдеді. Көрші елдерге қараңызшы, Тәжікстандағы азаматтық соғысты, Қырғызстанда не болып еді? Назарбаев кез келген исламдық террордың алдын ала білді. Бұл өте қиын. Егер Горбачевтың орнында Назарбаев Совет одағын басқарған болса, онда Қытай бізді қызғанатын еді,» — деп Владимир Соловьев пікірін жеткізді.

zhasalash.kz

 

 

 

[:]