АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]«Біз ет жинап жатырмыз»: Орынбордан мобилизацияланған офицерлер Путинге хат жазды жазды[:]

[:kz]

 

Орынбордан мобилизацияланған офицерлер Владимир Путинге олар жіберілген әскери бөлімнің штаб бастығы запастағыларды “ет” деп атағанын айтып, хат жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат құқық қорғаушы Дмитрий Болдыревтің Telegram-каналында пайда болды. Заңгер мобилизация аясында әскерге шақырылған отставкадағы Орынбор офицерлерінің Ресей президентінің атына жазған хатын жариялады.

«Орынбордың оңтүстік округінің әскери комиссариатынан Саратов қаласындағы 631 оқу-жаттығу орталығына келді. Осыдан кейін олар жаңадан құрылған мотоатқыштар полкіне тарату үшін «Кумысная поляна» саябағы аймағына әкелінді. Полк штабы бастығының айтуынша, біздің ВУС бойынша лауазымдар жоқ. Сонымен бірге ол құрылып жатқан полк туралы сөзбе-сөз«Ет алып жатқанымызды түсінесің» деп айтты, — делінген хатта.

Орынборлық офицерлер олардың арасында жауынгерлік тәжірибесі бар азаматтардың барын, өз Отанын қорғауға келгенін, олардың атына мұндай сөздерді естудің мүмкін еместігін атап өтті.

[:]