АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]«Бізді жайымызға қалдырыңдар»: Қазақстандық орыс жігіті Медведевке жауап берді[:]

[:kz]

 

Өз елім үшін соңғы демім қалғанша күресемін. Қазақстан үшін күресемін.

«Қазақстан — жасанды мемлекет» деп жазып, кейін оны хакерлер жазған деген Дмитрий Медведевке Қазақстандағы орыс жігіті жауап берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Оның не жазғанын көпшілігі көрген болар. Осында өмірге келген орыс ретінде жауап бергім келеді. Бізге мұнда ешкім тиісіп жатқан жоқ, бізді жайымызға қалдырыңдаршы. Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы. Қазақтар әрдайым қонақжай халық, солай болып қала береді де. Олардың мені қабылдағандарына, олардың менің халқым екеніне алғысым шексіз. Өз елім үшін соңғы демім қалғанша күресемін. Қазақстан үшін күресемін», — деді орыс жігіті.
 

 

 

[:]