АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]БҚО-да Ресей тіркеуі бар көліктер айыппұл тұрағына қойылуда[:]

[:kz]

 

Батыс Қазақстан облысында ресейлік нөмірі бар автокөліктерді тексеру басталды. Көлік құралдарында қазақстандық тіркеу болмаған жағдайда машиналарды арнайы тұраққа орналастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаппай тексерулер туралы бірінші болып әлеуметтік медиа пайдаланушылары мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы болып, бейнероликтер таратып жатыр. «Ешқандай ескерту болған жоқ. Көлікті алып, айыппұл тұрағына қояды», – дейді жүргізушілер.

Көптеген батысқазақстандықтар полицейлер қабылдаған түбегейлі шараларды қолдайды.

«Ресейлік нөмірлері бар көліктер құжатсыз велосипед сияқты жүреді. Бейнекамералар алдында өздерінің жазасыздығын сезінеді. Олар қызыл түске өтеді, жаяу жүргіншілерді жібермейді, базада жоқ екенін біледі. Жол қозғалысының басқа қатысушыларымен қатар құжаттарды да жасасын», – деп атап өтті жүргізушілердің бірі.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ресей Федерациясынан бұрын әкелінген, есептен шығарылған көлік құралдары бойынша мониторинг жүргізілгенін хабарлады.

«Қазақстан аумағында жол қозғалысына қатысуға немесе мемлекеттік тіркеуден өтпеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қазір полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалануға тыйым сала отырып, Ресей федерациясынан алынған ақпаратқа сәйкес тексеру жүргізуде», – деді БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Шайхиев.

Полицейлер көліктердің тіркеусіз арнайы тұрақтарға ұсталатынын, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі «Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару» бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылатынын атап өтті.

[:]