[:kz]
Блогер, журналист Дәулет Төлеутайұлы инстаграмдағы парақшасын кәсіпкерге сатпақ па? Бұл туралы өзі желіде жазып, қолданушылармен ақылдасып көрді.
«Бір бизнесмен ағамыз менің парақшамды сатып алуға ұсыныс айтты. Ол үшін 36 мың теңге беруге дайын. Ол ақшаға елордадан пәтер алуға болады. Бір жағынан сіздерді қимаймын. Не істесем болады? Ол кісіге менің желідегі оқырмандарымның белсенділігі ұнапты. Сіздермен ақылдасайын дедім. Қарсы шығасыздар ма, әлде қолдайсыздар ма?», — деді блогер.
Дәулет өзге парақша ашатынын да ескертіп айтты. Ал, желідегі оқырмандары оған не дейді? Бірі түсіністік танытса, бірі келіспейтінін айтады.
«Өз парақшаң, өзің білесің. Аз ақша емес», «Сатып басқа парақша ашып ал», «Жақсы кеңес беретін сіз ғанасыз. Мен қарсымын. Оқырманарыңызды сатпаңыз», «Бұл парақшаны сіз үшін оқимыз. Басқа адам жүргізсе, шығып кетеміз», — деп жазды олар.
Енді бірі мұны әзіл деп түсінді.
Айта кетейік, қазір Дәулеттің 825 мың оқырманы бар. Блогер парақшада баспана мәселесі, ақша табудың жолдары, жәрдемақы, өзге де қоғамдық маңызды жайттарды жариялап отырады.
Жақында ғана 989 мың теңге тауып алып, оны иесіне қайтарып берген дәл осы Төлеутайдың қолданушылары еді.
[:]