АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Блок-бекетте қаза тапқан полицейдің әйелі күйеуіне жүрекжарды жазба арнады[:]

[:kz]

Бүгін Алматы қаласына кіре берістегі блок бекетте орын алған жол апатынан екі полиция қызметкері қайтыс болды. Қайғылы хабардан қабырғасы қайысқан марқұм Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде күйеуіне жазба арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

«Махаббатым, бізді неге тастап кеттің. Мен сені өте қатты сүйемін. Бұның болғанына сене алар емеспін. Сен өте керемет әке және адал жар едің. Біз ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз. Сен әрдайым біздің жүрегімізде боласың. Ұлың үшін мәңгілікке қаһарман болып қаласың. Сен менің қорғаным әрі жарығым едің. Саған үш жылдық бақытты өмір үшін алғысымды білдіргім келеді. Сен тым ерте кеттің. Ал біз болсақ, ойластырған барлық жоспарымызды жасап үлгермедік. Мен әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Егерде тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені. Біздің ұлымызды жебей жүр. Сені сені сүйемін, бұйрабасым», — Динара Аман Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

 

 BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол қамауға алынған.

[:]