АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Боксшы Қанат Ислам Хавьер Франсиско Масьельді жеңді [:]

[:kz]

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельді жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жекпе-жек орташа салмақта өтті. Ол сегіз раундқа есептелген және бүкіл қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілер қазақстандық кәсіпқой боксшының пайдасына шешім шығарды.

Айта кетейік, сегізінші раундта Масьельді нокдаунға түсірген болатын. Еске салайық, Қанат Ислам британдық Джимми Келлиден жеңілген соң рингке оралған болатын. Биыл ақпан айында өткен бұл жекпе-жекте WBO Global тұжырымы бойынша орта салмақтағы титул сарапқа салынған еді.

kaz.nur.kz

 

[:]