АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]БОЛАР ІС – БОЛДЫ. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН АЛЫП ТАСТАУДЫ ЖАҚТАП ДАУЫС БЕРДІМ – МӘДИ АХМЕТОВ[:]

[:kz]

 

Кезінде Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметов бүгін Тұңғыш президент күнін алып тастауды қолдап, дауыс берді деп жазады  arasha.kz 

«Мәжілістің бүгінгі отырысында қарашаның 25-ін республика күні ретінде бекіту мәселесі қаралды. Ал, Тұңғыш президент күні демалыс күндер қатарынан алынып тасталды. Бірінші оқылымда бұл норманың 98 депутат қолдап дауыс бердік», – деді Парламен мәжілісінің депутаты М. Ахметов.

Сонымен қатар ол кезінде Назарбаевқа ескерткіщ қою жөніндегі ұсынысы бүгінгі жайтпен керағар емес пе деген сұраққа жауап берді.

«Болар іс – болды, бояуы сіңді. Енді біз әділетті Қазақстанды құру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бұрынғы

ұсынысқа керағар емес. Қаңтарға дейінгі Қазақстанмен одан кейінгі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Елімізде жеке басқа табынушылық емес, мемлекетшілдік қағидаты болу керек. Біз сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

[:]