АЛТЫНОРДА
ЖаңалықтарНовости Казахстана

[:kz]Болат Назарбаевтың экс-әйелі Нарынқолда дүркіретіп той өткізді[:]

[:kz]

 

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің «Рейдерлік» бабы бойынша іс қозғағаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды  Nege.kz

Құзырлы органдарға арызды Нұрша Кәкенов деген азаматтың жазғаны белгілі болды. Ол «Каруан» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған, бірақ оның үлесін Назарбаевтар алып қойған, арызданушы оның шығынын 150 миллион долларға бағалапты.

 

Бір қызығы, «үстінен іс қозғалды» делінген Майра Құрманғалиева өткен сенбі күні өзінің туған жерінде – Райымбек ауданындағы атақты Шұбартал жайлауында анасының 90 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті.

«Бұл тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда», – дейді тойға қатысып, қызықтап қайтқан жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, тойға қонақтар Қазақстанның әр жерінен келіпті. Әсіресе, атбегілер тұлпарларын баптап, арнайы жеткен. Өйткені бәйгеге бірнеше көлік тігілген көрінеді.

«Жұмадан бастап біздің ауданды қонақтар басып қалды. Алматы жақтан ағылған көліктер іркес-тіркес болып, Шұбартал жайлауына қарай өрлеп жатты. Небір қымбат көліктер арнайы тіркемемен бәйге аттарын алып келді. Ауылдың аттарын бәйгеге бөлек қосты, қалалық тұлпарлар бөлек шапты. Жорға жарыс, құнан бәйгені де тамашаладық. Бәйгеден бірнші келгендердің бәрі көлік мінді. Күрескен палуандар да жүлдесіз қалған жоқ», – дейді той куәгері.

Естуімізше, тойдың мәнді де сәнді өтуіне Райымбек ауданының әкімдігі атсалысқан. Аудандағы он бір ауылдық округ бір-бір киіз үйден тігіп беріпті. Әкімдік араласатындай Майра Құрманғалиеваның анасы қоғам қайраткері ме? 

Бұл мәселенің жай-жапсарын білмек болып Nege тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласты.

«Райымбек ауданының әкімі Нұржан Кеңесұлына хабарластым. Журналистердің осы мәселені сұрап жатқанын айттым. Ол: «Ауыл азаматтары ғана атсалысты, ол жерде бірде-бір мемлекеттік қызметте істейтіндер болған жоқ. Ешкім киіз үй тікпеді», – дейді. Ол жерде тек ауыл белсенділері ғана жүрген, солар көмектескен», – деді Ғалымұрат Жүкел.

Алайда біздің оқырманымыз басқа мәлімет айтты. Ол аудандағы он бір ауылдық округ бір-бірден киіз үй тіккенін, әр ауылдық әкімдіктен жауапты адамдар бекітілгенін және бұл мәселені оңтайлы шешуге жоғарыдағылар араласқанын айтады.

Тойдың жоғарғы деңгейде өткеніне әншілер де атсалықан .Солардың ішінде Мадина Садуақасова да бар екен .

 

Майра өзі тойға келе алмаған екен үстінен іс қозғалған шетелде көрінеді .Анасы бауырлары туыстары болған екен .

Бұдан бірнеше жыл бұрын Болат Назарбаев пен Майра Назарбаева дәл осы Шұбартал жайлауында ұлдары Ханболаттың сүндет тойын өткізген. Жұрт сол тойды әлі күнге дейін жыр қылып айтады. Жүздеген киіз үй мен бәйгеге тігілген бірнеше көлікті айтпағанда, Б.Назарбаев тойға келген халықтың үстінен тікұшақпен ақша шашқан екен…

[:]