АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Боранда жүгіріп, көліктерге жол көрсеткен қостанайлық полицейді марапаттады[:]

[:kz]

Қостанай облысында боран кезінде жолда қалып қойған машиналардың алдына шығып, жүгіріп жол көрсеткен полиция қызметкеріне департамент сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкері Амантай Байжанов боранда жолда қалып қойған машиналарға көмектескені хабарланды. Ол нөлдік көріну жағдайында жүргізушілерге бағыт көрсетіп, өзі көліктің алдында жүгірді. Осы сәтті көлік жүргізушісі видеоға түсіріп, алғысын білдірді.

 

Видео желіде жылдам тарап, Байжановтың батыл әрекет қазақстандықтарды тамсандырды.

Оның бұл ерлігі облыстық полиция департаментінде де бағаланды. Оған Ішкі істер министрлігінің логотипі бар сағатты табыстады.

Бұл лейтенанттың алғашқы ерлігі емес: былтыр сәуір айында ол серіктесімен бірге жанып жатқан үйден 15 адамды құтқарды.

Ведомствоның мәліметінше, Байжанов полицияда алты жылдан бері қызмет етіп келеді, еңбек жолын мамандандырылған күзет қызметі басқармасында бастаған.

2020 жылдан бастап Қостанай полиция басқармасында патрульдік полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

[:]