АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Борсық балаларына шабуылдаған қабыланның бетін қайтарып тастады (видео)[:]

[:kz]

Оңтүстікафрикалық ұлттық паркінде туристер қабылан мен борсықтың төбелесіне куә болды. Борсық балаларын жыртқыштан қорғап қалды.

Бұл сәтті Сахара Вульфсон видеоға түсірді.
 
Қабылан адамдардың көзінше борсықтың балаларына шабуылдай бастайды. Жыртқыш олардан 10 метр қашықтықта жатқан. Борсықтың аналығы бірде балаларын қорғап, жанын салды. Борсық қабыланан көлемі жағынан кіші болғанымен, оған қарсы тұра білді. Оның айбатынан қабылан қаша жөнелді.
Туристер борсықтың балаларының айтарлықтай жарақат алғанын айтады. Аналығы балаларын ініне кіргізіп алды.
 
“Борсықтың балалары алдың аяғын сындырып алды. Бірақ аналығының арқасында қайта жүріп кетуі мүмкін”, – дейді турист.

Крюгер ұлттық саябағы ОАР-ның солтүстігінде орналасқан. Аумағында бір жарым мың арыстан, 12 мың піл, 2,5 мың бұйвол, мыңдаған қабылан мекендейді.

stan.kz

 

[:]