[:kz]
Сәлеметсіздерме құрбыларым, сіңілдерім. Мен осы сайттың жаңалықтарын үзбей оқимын, Біраз уақыттан бері небір тағдырлар туралы оқып, бірінен сабақ алсақ, енді біріне жанымыз күйзеліп, уайымдадық. Мен бүгін өзімді алаңдататын мәселе туралы ой бөліссем деп едім.
Қаншама қыздарымыздың босаға аттамай тұрып сезімге беріліп қойып, артынан көтеріп қойып жатқаны жайында қазір жиі естиміз, оқимыз. Кей біреулері туып тастап кетсе, енді бірі алдыртып тастайды да, тұрмысқа шықаннан кейін көтере алмай журген жайлары да бар. Ал кейбірлері баласын қушақтап көшеде қалады, не әке-шешесіне, не туған-туысқа қарайтын бет жоқ. Ал баяғы күйдім, сүйдім деген жігіттері болса істерін істеп, жоқ боп жоғалып кетіп жатады. Әрине бақытты боп кеткендері де жоқ емес,бірақ сорлағаны қаншама. Соларды ойлап уайымдаймын (болашақ ұрпағымыздың заманы қалай болар екен?) деп. Ұл, қыз өсіріп отырғаннан кейін. Мен де бір анамын, біреуге әпкемін, біреуге жеңгемін дегендей.
Жақында бір жағдайды естіп, қатты налыдым. Осыны оқып отырған қыздар болса, өмірлік сабақ болсын деп жазып отырмын.
Үшінші курс студенті жатақханада жатып оқитын болады. Өзінің бір пәннен сабақ беретін ағайына ғашық болып, онымен жақындасып қояды. Сөйтіп жүргенде қыз аяғының ауыр екенін байқап, ағайына айтады. (Ағайы өзінен біраз жас үлкен). Ол жігіт болса қызға базарда өте арзан тұратын қытайдың дәрісі бар екенін, соны ішіп бір ұйықтап тұрса, шарананың етек кірі келгендей ағып түсіп қалатынын айтады. Еш жерің ауырмайды дейді. Жап-жас аңқау қыз әлгі дәріні сатып алып ішеді де ұйықтап қалады. Ұйқыдан тұрса іші бүріп ауыртып, астынан қан кетіп жатыр екен. Енды орнынан тұра бергенде, есінен танып, талып қалады. Бырге тұратын құрбмылары келіп қалып,жедел жәрдем шақыртады. (қыздың жағдайынан ешбірі де бейхабар еді) Ауруханаға апарса, әлгі қытайдың дәрісі, қыздың жатырын куйдіріп жіберіпті. Сонымен жатырын алып тастауға тура келеді. Недеген жан түршігерлік жағдай, дұшпаныма да тілемеспін. Біреуіңіз ақыл айтып жатр дерсіздер, біріңіз «қумашы» дейтін шығарсыздар. Айтайын дегенім қыздар, әрқайсыларыңыз сүйікті жар,аппақ келін, аяулы ана болуға әбден лайықсыздар. Өмірден өз орындарыңызды тауып, бақытты болыңыздаршы?!
Аноним
[:]