АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұдан былай ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді[:]

[:kz]

 

Алдағы оқу жылында білім және тәрбие беру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаухат әзірленді деп хабарлайды sn.kz ақпараттық порталы 

Алдағы оқу жылынан бастап дене шынықтыру және технология пәні қыз және ұл балалар үшін бөлек өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.

«Алдағы оқу жылында білім және тәрбие беру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаухат әзірленді. Ол биылғы оқу жылының соңына дейін мектептерге жеткізіледі. Жаңа оқу-әдістемелік нұсқаухат мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие және білім беру беру процесінің сапасын арттыру мақсатында қойылған талаптармен толықтырылды. Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмысты психологиялық-педагогикалық нормаларына сәйкес ұйымдастыру, әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын отбасы балаларын мамандандырылған білім ұйымдарына қабылдауға арнайы квота енгізу жұмысы жүріп жатыр», — деді Гүлмира Кәрімова Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.

[:]