АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұл қазақ бүйте берсе, тағы бір асылын жоғалтар-ау![:]

[:kz]

«Көрші ақысы, тәңір ақысы» деген осы бір ұлы сөзді әжелеріміз үнемі айтып отыратын еді. Ауылда көршің алыстағы туысыңнан жақын болады. Бұл жалпы Қазақ деген қасиетті ұлттың нанымы. «Көршіні ешкім таңдап алмайды, көршіні тәңір қосады » _ деп жатады. Қазақтың бөлінбеген еншісі бір шәйник шәйі, бұл тіпті күніне үш көрмесе сағынатын жақсы көршілердің бұзылмас дәстүрі. » Қызға қырық үйден тиым» _ деген қасиетті жосынды атқарысып, қызыға көз_ құлақ болып отыратын да осы көрші. Өз басымыз ауылдағы ата_ анамыз ды ғана емес, көрші ата_ әжені де сағынамыз. Хабарласып жағыдайын сұраймыз. Ол кісілерде қызымыздың қарны тоқпа, көйлегі көкпе деп ата_ анамыздан бетер алаңдап отырады. Ал, бүгінде қалалық болған қазақтың қатары артып, өзімізше элита болып, көршіні танымай, тіпті жақтырмай, есігін ашып_ жапқанын сөз қылатын күйге түстік. Бұл қазақ бүйте берсе, тағы бір асылын жоғалтар_ ау!

Нургайша Абдуахит

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

 

 

[:]