[:kz]
Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі, шымкенттік Дәурен Болыс «Фейсбуктегі» өз парақшасында жұртшылыққа бағыттап мынадай сауал жолдады:
«Газға, светке, суға, жылуға, мусорға, домофонға, подъезд тазалығына ақы төлейсің. Жерге, мүлікке, автокөлікке салық төлейсің. Тәртіп бұзсаң, айыппұл төлейсің. Балабақшаның ақысын төлейсің. Балаларың курсқа қатысса, соған төлейсің. Несиені төлейсің. Азық-түлік алсаң, оған төлейсің. Киім алсаң да төлейсің. Бензин құйсаң да төлейсің. Сіріңке алсаң да төлейсің. Не қалайсың, бәріне төлейсің.
Қаламасаң да төлейтін жағдайлар бар. Не бар төлемейтін?»
Дәурен Болыстың бұл пікіріне орай «Фейсбукте» отыратын жұрт төмендегідей пікірлерін білдірді.
Ғабит Мамырбеков: Ештеңе қалмады, өліп жатса да төлейсің. Сондай болды бұл.
Мақпал Шайхистамова: Дұрыс, төленуі қажет.
Алмасбек Мамытбеков: Ауаға төлемейді.
Қанат Байсов: Оны айта көрмеңіз. Бұл идея ешкімнің басына келмей жүрген болуы керек. Осы сөзіңізден кейін оған да бірдеңе ойлап табатын болса, таңқалмаңыз.
Нұрилда Айдарбек: Енді ойлансаң да төлейтін уақыт келеді.
Лейла Әнуар: Ауаға неге төлемейді? Тауға таза ауа жұтуға шықсаң да ақша төлейсің. Телефонға.Алтынай Қалдыбаева: Таза ауа ғана тегін и все!
Мәриям Асанова: Өлгенде жерлейтін жеріңе төлейсің. Тосыннан немесе ауруханада өліп, моргке түсіп қалсаң, мәйітті алып кету үшін көпшілік жұрттың тапқан айлығы жетпейтіндей ақы төлейсің. Бар байлықтың үстінде отырсақ та әрбір қадамымыз ақылы.
Жанна Сәпекбаева: Неге төлесек те деніміз сау, бауырларымыз аман, елімізде тыныштық болсыншы. Айтсақ та, айтпасақ та бәрібір төлейміз ғой.
Бархан Қамзабекұлы: Қақпандағы ет тегін.
Айжігіт Асанов: Қазірше ауаға төлемақы жоқ, бірақ алдағы уақытта төлеп жатсақ таңқалмассыз.
.zamana.kz
[:]