[:kz]
Бүгінгі «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінде тарихи сәттің куәгері болдық. Елбасы тағы да парасат пен кемеңгерліктің шыңына шыққан азамат екенін дәлелдеді.
Бұл шешім биліктің тұтастығы мен билік транзитінің заңды жалғасы деп білемін.
Билеуші партияның Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Кемелұлына Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тапсырылуы үлкен маңызға ие деп есептеймін.
Елбасы, соңғы 30 жылдықтағы көрнекті саясаткер, жастар үшін беделді тұлға болып қала беретіні хақ.
Партия жарғысына сәйкес, оның жаңа Төрағасын сайлау «Nur Otan» партиясы Съезінің құзыретіне жататынын еске сала кетейін.
[:]