АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұрынғы түрік министрінің ұлын қазақстандық қыздың өліміне қатысты айыптады[:]

[:kz]

Қазіргі уақытта қылмыстық топты құрды деген айыппен тергеуде отырған Седат Пекер Елдана Қахарманды өлімінен бір күн бұрын Толга Агар зорлады деп мәлімдеген видео жариялады.

Түркия ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысының ұлы қазақстандық Елдана Қахарманның өліміне қатысты айыпталды.

21 жастағы қазақстандық қыздың денесі 2019 жылы наурызда Элязыг қаласындағы үйінен табылды, деп хабарлайды 

Түркияның Sözcü газетінің хабарлауынша, қазір қылмыстық топ құрды деген айыппен тергеуде отырған Седат Пекер басқарушы Әділет және даму партиясының депутаты Толга Агарға айып тағып отыр деп жазады   stan.kz/     Седат Пекер Елдана Қахарманды өлімінен бір күн бұрын Толга Агар зорлады деп мәлімдеген видео жариялады.

Толга Агар өз кезегінде барлық айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, қазақстандық қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп, іс жабылған.

«Седат Пекер — ұзақ уақыт бойы шетелде жүрген қылмыстық ұйымның мүшесі. Мен бұл адамның маған тағылған жаласын үзілді-кесілді қабылдамаймын. Мен жоғарыда аталған журналисті (Елдана Қахарман — ред.) білмеймін», — деді Агар.

Элязыг қаласының полициясы Елдана Қахарманның арыз жазбағанын айтты.

«Елдана Қахарман есімді қыздың жүгінгені және оны тікұшақпен бір жерге алып кеткені туралы мәлімдеме шындыққа сәйкес келмейді» делінген мәлімдемеде.

Бұл арада Элязыг қаласының прокуратурасы қазақстандық қыз өзін-өзі өлтірді деп отыр.

«Оқиға болған жерді, мәйітті тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ айғақтарға сәйкес, Елдана Қахарман өз-өзіне қол жұмсау салдарынан қайтыс болды. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс 2019 жылдың 16 қазанында тоқтатылды», — деп жазды прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, Елдана Қахарман 2019 жылы 29 наурызда қайтыс болды. Бойжеткенді Элязыг қаласындағы үйінде достары тауып алған. Студент Фырат университетінде оқыды және Kanal 23 жеке телеарнасында журналист болып жұмыс істеді.

[:]